Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері Пәкістан Ұлттық қорғаныс университетінің (NDU) Стратегиялық зерттеулер, зерттеу және талдау институты (ISSRA) ұйымдастырған «Africa within the Evolving Global Order and Trends» атты халықаралық веб-семинарға қатысты.
Семинар барысында халықаралық сарапшылар Африкадағы қазіргі геосаяси үдерістерді, өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, жетекші державалар арасындағы бәсекелестіктің күшеюін және құрлықтың қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемдегі рөлін талқылады.
Орталықтың мұндай халықаралық іс-шараларға қатысуы ғылыми-талдамалық ынтымақтастықты нығайтуға, сарапшылық тәжірибе алмасуға және халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзекті үрдістерді зерделеуге ықпал етеді.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, шақырғаны үшін Пәкістан Ұлттық қорғаныс университетінің ISSRA институтына және Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне алғысымызды білдіреміз.