Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


БӘО-да бастапқы әскери даярлаудың заманауи моделі талқыланды 2026 жылғы 5 тамызда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тамыз айындағы іс-шаралары аясында өткен БӘД педагогтерінің панельдік қосалқы секциясына қатысты. Қатысушылар БӘД мазмұнын жетілдіру, оқытуды цифрландыру, 3D-симуляторларды қолдану және педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелерін талқылады. «БӘД-тің заманауи педагогі: кәсіби бейіні және жаңа құзыреттері» тақырыбында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ президенті, генерал-майор Асхат Рыспаев баяндама жасады. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ департаментінің директоры Берік Кемалов «БӘД педагогтерінің үздіксіз кәсіби даму жүйесі» тақырыбында баяндама жасап, БӘД педагогтерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырудағы Оқу орталығының рөлін атап өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, білім беру ұйымдарының, әскери оқу орындарының, әскери кафедралардың және әскери-патриоттық тәрбие ұйымдарының өкілдері қатысты.