Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 7–17 қыркүйек аралығында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ базасында әскери кафедралардың (факультеттердің) профессор-оқытушылар құрамына арналған «Көшбасшылық және инновациялар: әскери кафедрадағы оқу процесін басқарудың заманауи моделі» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.

Курс бағдарламасы оқу процесін ұйымдастыру және жетілдіру, педагогикалық өзара іс-қимыл және психофизиологиялық даярлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ақпараттық қауіпсіздік, әскери-патриоттық тәрбие және әскери кафедралар қызметін нормативтік қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.

Заманауи оқыту әдістері мен цифрлық білім беру технологияларына, оның ішінде оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге, үлгерімді электрондық мониторингтеуге және виртуалды тренажерларды пайдалануға ерекше назар аударылады.

Оқыту барысында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі. Курстың қорытынды кезеңінде кешенді тестілеу және жобаларды қорғау көзделген.