Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 24 қыркүйекте «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен «Қазақстан-Үндістан стратегиялық диалогы – 2026» семинарына қатысты.

Семинар аясында қатысушылар Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын дамыту, өңірлік тұрақтылықты нығайту және көпполярлы әлем жағдайында экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы экономикалық интеграция мен өзара байланыстың перспективаларына, энергетика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайтудағы қоғамдық дипломатияның рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысу Қазақстан-Үндістан стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері бойынша сараптамалық пікір алмасуға және екі ел арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.