Новости

Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігі Әскери атташесінің келуі

Kz
2021 жылғы 3 қыркүйекте «Әскери-стратегиялық зерттеулер
орталығы» АҚ конференц-залында «ӘСЗО» АҚ президенті Қ-К.Ж.
Карбузовтың Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы
Елшілігінің Әскери атташесі Әли Фекримен кездесуі болып өтті, оның
барысында аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Әскери атташенің келуі «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы»
АҚ және Иран Ислам Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
арасындағы әріптестік туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды.
ИИР ҰҚУ басшысы генерал-майор Насрулла КАЛАНТАРИдің атынан
Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің
Әскери атташесі Әли Фекри Орталық басшылығына осы кездесуді
ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты және табысты әріптестіктің одан әрі де
жалғасатынына үміт білдірді.
Made on
Tilda