АҚ «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы»

© Барлық құқықтар сақталған

2023
  • №1 (41) Наурыз 2023
  • №2 (42) Маусым 2023
  • №3 (43) Қыркүйек 2023
  • №4 (44) Желтоқсан 2023
    «САРДАР» ғылыми журналы «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да 2008 жылдан бастап тоқсанына бір рет жиілігімен шығарылады.
   Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі берген бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлігі 2008 жылғы 20 қарашадағы № 9680-Ж (алғашқы тіркеу 07.08.2008 ж. № 9442-Ж).
   «САРДАР» журналы ISSN сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі халықаралық орталықта тіркелген (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) және ISSN 2071-2707 халықаралық нөмірі берілген.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА

   Рыспаев Асхат Наурызбаевич - бас редактор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, әскери ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Президенті, запастағы генерал-майор;
   Байсеитов Гани Нуралиевич - бас редактордың орынбасары, т.ғ.к., «Қазақстан Инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС бас директоры, запастағы полковник;
   Акшулаков Куандык Жаксыбаевич – жауапты хатшы, ә.ғ.к., философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Әскери ғылыми-зерттеу орталығының Әскери өнерді зерттеу басқармасының бас ғылыми қызметкері, запастағы полковник.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА МҮШЕЛЕРІ

   Тасбулатов Абай Болюкпаевич – т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Қарулы Күштері Бас штабы Академиясы факультетінің бастығы, запастағы генерал-лейтенант;
   Тулембаева Айгуль Нуралиевна – э.ғ.д., профессор, бас инспектор – Қорғаныс министрінің көмекшісі;
   Булойчик Василий Михайлович - т.ғ.д., профессор, Беларусь Республикасының Əскери Академиясы, полковник;
   Motohide Umano – философия докторы (PhD), Осака префектуралық университетінің профессоры, (Жапония);
   Shadi A. Aljawerneh – философия докторы (PhD), Иордания ғылым және технология университетінің бағдарламалық жасақтама инженері профессоры, (Иордания);
   Атанов Сабыржан Кубейсинович – т.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.;
   Баймуканов Амангельды Кельманович – с.ғ.к., философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғылыми-зерттеу орталығының Әскери өнерді зерттеу институты бастығының орынбасары - әскери өнерді зерттеу бөлімінің бастығы, полковник;
   Сұлтанов Тимур Төлеуғалиұлы – т.ғ.к., Еуразия ұлттық университетінің көлік-энергетика факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. Л.Н. Гумилев

   Молдамұрат Хуралайт.ғ.к., Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінің ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының доценті.

«САРДАР» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНДА

ЖАРИЯЛАНАТЫН ҚОЛЖАЗБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. «Сардар» ғылыми журналындағы мақалалар геосаясат, халықаралық және Ұлттық қауіпсіздік, әскери, әскери-техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді қамтуы тиіс.

Журналда жариялануға бұрын еш жерде жарияланбаған, тақырыпқа сәйкес келетін, ғылыми жаңалығы бар және автордың өзіндік ғылыми зерттеулерінің материалдары бар аса маңызды ғылыми еңбектер қабылданады. Мақалалар үш тілдің бірінде жарияланады: қазақ, орыс және ағылшын.

Мақаланың көлемі 5-тен 10 бетке дейін, оның ішінде андатпа, кілт сөздер, кестелер, суреттер және библиографиялық тізім болуы тиіс. Мақала редакцияға электрондық және қағаз нұсқада бір данада ұсынылады. Мақалада ӘОЖ және ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық айдары – ҒТАМА коды болуы керек.

2. Мақалалар MS Word 2016-2021 мәтіндік редакторында орындалуы керек және келесі параметрлер бойынша қатаң өңделуі тиіс:

- парақтың бағыты - кітап;

- форматы А4;

- шеттері: жоғарғы және төменгі жағы– 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм;

- қаріп Times New Roman;

- суреттегі қолтаңбадан басқа бүкіл мақала үшін қаріп өлшемі - 12 пт;

- суреттегі қолтаңба – 10 пт;

- жол аралығы – бір аралық;

- туралау – беттің ені бойынша;

- абзац шегінісі – 1,25 см («Tab» немесе «Бос орын» пернелерін пайдаланбай).

Рұқсат етілмейді:

- беттерді нөмірлеуге;

- мәтінде бет үзілімдерін пайдалануға;

- автоматты бет сілтемелерін пайдалануға;

- автоматты тасымалдауды пайдалануға;

- сирек немесе тығыздалған әріптер аралығын пайдалануға.

3. Мақаланың басында сол жағында ӘОЖ индексі және оның астында ҒТАМА орналасады, содан кейін ортасында автордың тегі мен аты-жөні қалың қаріппен орналасады. Келесі жеке жолда, ортасында курсивпен ұйымның толық атауы (қысқартусыз) жазылады. Егер бірнеше ұйым болса, онда әрқайсысының атауы жеке жолдан басталады және авторлардың тиісті тегі жеткізілетін жоғарғы индекспен нөмірленеді.

Мақаланың атауы МЕМСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар» талабы бойынша ортасынан бас әріппен қалың қаріппен жазылады.

Төменде (бір жол арқылы) үш тілде қысқаша аннотация мен кілт сөздер теріледі. Андатпада 100-150 сөз болуы керек, ол мақаланың құрылымын қысқаша көрсетіп, ақпараттық болуы керек, мақаланың атауын қайталамауы тиіс, кілт сөздердің (сөз тіркестері) саны бестен кем болмауы керек.

Құрылымдық тұрғыдан андатпа мақала мазмұнының келесі аспектілерін қамтуы керек: жұмыстың тақырыбы, мақсаты; жұмыс әдісі немесе әдіснамасы; жұмыс нәтижелері; нәтижелерді қолдану саласы; қорытындылар.

Ағылшын тіліне тақырыптарды, аннотацияларды және түйінді сөздерді аудару кезінде авторлық мағынаның берілуін бұрмаламау үшін электрондық аудармашыларды қолдануға болмайды.

Кілт сөздерден кейін, келесі жол арқылы мақаланың мәтіні жазылады.

Кестелерде атаулары мен нөмірлері болуы тиіс және олар кестелердің үстінде көрсетілуі керек.

Иллюстрациялар (графиктер, схемалар, диаграммалар) суреттер түрінде рәсімделінеді және оларға қысқартусыз сілтеме жасағаннан кейін мәтін бойынша орналасуы тиіс. Графикалық материалдың атаулары мен нөмірлері суреттің астында көрсетілуі керек. Суреттер Paint (Paintbrush) режимінде тиісті стандарттарға сәйкес орындалады. Графиктер, диаграммалар, гистограммалар Microsoft Excel режимінде болуы керек және мәтінге Microsoft Excel нысаны ретінде енгізіледі. Барлық графикалық материалдар кемінде 300 dpi рұқсатымен орындалуы керек.

Математикалық, физикалық және басқа белгілер мен формулалар (Microsoft Equation) формула редакторы режимінде көлбеу қаріппен теріледі. Формулалар мәтіннің ортасында орналасады. Формула нөмірлері - беттің оң жақ шетіндегі жақшада орналасады. Формула параметрлерін декодтау - жаңа жолдан «қайда» деген сөзден кейін, параметрлерді жаңа жолда есептей отырып, нүктелі үтірмен бөлу арқылы жазылады.

Кестелер, графикалық материалдар және формулалар көрсетілген шеттерден аспауы керек.

Мақала мәтінінің сонында пайдаланылған дереккөздердің тізімі көрсетіледі. Пайдаланылған дереккөздердің тізімі МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған құрастырудың жалпы талаптары мен ережелеріне» (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттамасы) сәйкес, мәтіндегі сілтемелер ретімен нөмірленеді. Сілтемелер төртбұрышты жақшаға орналастырылады және МЕМСТ 7.32-2017 талаптарына сәйкес нөмірленеді, мысалы [3], [5,7]. Әр дереккөздің библиографиялық сипаттамасы баспагерді, беттер санын және т.б. көрсете отырып, әдебиетті ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.

Шартты аббревиатуралар мен таңбалар ескертулер жазбасында түсіндірілуі керек. Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар мәтінде бірінші рет қолданылған кезде түсіндірілуі керек (жақшада).

Әдебиеттер тізімінен кейін оң жақта Авторлардың тегі, аты, әкесінің аты (толық), ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (бар болса), әскери атағы, лауазымы, жұмыс орны және электрондық мекенжайы көрсетілуі тиіс.

4. Редакция алған мақалалардың мәтіндері рецензияланбайды. Авторлардың пікірі әрдайым редакцияның пікірімен сәйкес келе бермейді. Егер мақала журналдың профиліне сәйкес келмесе немесе материалдың баяндалу сапасы төмен болса, сондай-ақ рәсімдеуге қойылатын осы талаптарға сәйкес келмесе, Редакция материалдың көлемін қысқартуға және оны әдеби редакциялауға, сондай-ақ жариялаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте авторға мақаланы жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы жазбаша жауап берілмейді. Редакцияға түскен қолжазбалар қайтарылмайды.

5. Автор ғылыми мақаланың қолжазбаларын ұсынған кезде «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-1 Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау туралы талаптарды басшылыққа алуға тиіс, мақалада таралуы шектелген мәліметтер көрсетілмеуі керек.

Ғылыми мақаланың қолжазбасына мыналар қосылуы керек:

- ұқсастық бар-жоғын тексеру нәтижелері туралы анықтама (ұқсастықтың рұқсат етілген көлемі 30% - дан аспауы тиіс);

- тақырыпқа жақын салаларда зерттеу жұмыстарын жүргізетін мамандардың мақалаға шолуы.

6. Қолжазба мұқият тексерілуі керек. Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін қолжазбалар пысықтауға қайтарылады. Пысықтауға қайтарылған қолжазбалар жариялауға қабылданды дегенді білдірмейді.

7. Журналда жариялану үшін қолжазбаны ұсына отырып, авторлар плагиаттың жоқтығына, келтірілген фактілердің, дәйексөздердің, статистикалық деректердің, өз аттарының және басқа да мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.

Материалдарды sardar@cvsi.kz электрондық поштасы арқылы немесе пошта мекенжайына жіберуге болады: индекс 010000, Астана қ., Әуезов көшесі 2, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы.

Талаптарды жүктеу
Онлайн қабылдау
Жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді онлайн қабылдау
Бізбен хабарласыңыз
Мекенжай
Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Әуезов көш, 2
Кеңсе
info@cvsi.kz
Консультации по вопросам приема граждан и рассмотрения обращений
8 (7172) 74-98-44
Парақтау
Қабылдау
8(7172) 64 34 62 (216)
"Сардар" ғылыми журналдың редакциялық алқасы
8(7172) 64 34 62 (108)
sardar@cvsi.kz
Made on
Tilda