Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


Шымкентте 26 сәуірде Оқушылар сарайында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция болып, оған алғашқы әскери-технологиялық дайындық (АӘТД) оқытушылары, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құқық қорғау органдарының және қала басшылығының өкілдері қатысты. қауым жиналды.

Шара құқық қорғау органдарының қару-жарағы мен киімдерінің көрмесін ұйымдастырудан басталды. Көрмені конференцияға қатысушылардан басқа Кеңес Одағының Батыры С.Рахимов атындағы Жас-Ұлан республикалық мектебінің балалары мен курсанттары да тамашалады.

Жалпы отырыста Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, қоғамдық ұйымдардың ардагерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ардагерлер кеңесінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Оңбаев Серікбай Мейірбайұлының баяндамасына ерекше назар аударылды.

Шара соңы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған Шымкент қаласындағы оқу орындарының оқушылары дайындап, орындаған концертпен аяқталды.

Ғылыми-әдістемелік конференция конференцияға қатысушылар мен қонақтар арасында патриоттық сезімді нығайтуға оң әсерін тигізді.