Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz

Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған ғылыми зерттеулер конкурсының қорытындысы

 

2025 жылғы 6 мамырда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған ғылыми зерттеулер конкурсының қорытындысын шығарды.

Конкурс екі сыйлық алу үшін өткізілді: әскери өнер саласындағы үздік ғылыми зерттеу және әскери техника мен қару-жарақ саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінен, ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясынан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясынан, «Research & Development Қазақстан Инжиниринг орталығы» ЖШС-нен конкурсқа барлығы 10 өтінім берілді.

Комиссия шешімімен жеңімпаз деп жарияланды:

- Әскери ғылымдар кандидаты, профессор Салий Сергей Михайлович, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы әскери өнер саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін;

- Доля Александр Валерьевич, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әскери техника және қару-жарақ саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін.

Конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес жеңімпаздарға әрқайсысына 200 000 теңге сыйлықақы беріледі.