Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған ғылыми зерттеулер конкурсының қорытындысы
2025 жылғы 6 мамырда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған ғылыми зерттеулер конкурсының қорытындысын шығарды.
Конкурс екі сыйлық алу үшін өткізілді: әскери өнер саласындағы үздік ғылыми зерттеу және әскери техника мен қару-жарақ саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінен, ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясынан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясынан, «Research & Development Қазақстан Инжиниринг орталығы» ЖШС-нен конкурсқа барлығы 10 өтінім берілді.
Комиссия шешімімен жеңімпаз деп жарияланды:
- Әскери ғылымдар кандидаты, профессор Салий Сергей Михайлович, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы әскери өнер саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін;
- Доля Александр Валерьевич, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әскери техника және қару-жарақ саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін.
Конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес жеңімпаздарға әрқайсысына 200 000 теңге сыйлықақы беріледі.