Курс туралы: |
|||
Курс көлемі: 80 сағат | |||
Оқыту түрі: Оффлайн | |||
Оқыту тілі: Қазақша, Орысша | |||
Аяқтау нысаны: Сертификат | |||
Білім деңгейі: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру |
Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №384 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары» бұйрығына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың тізбесіне кіретінін хабарлаймыз. Тізімге сілтеме |
Курсты өткізудің негізі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 4-тармағының, ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы әскери даярлық қағидаларының» 11-тармағы 8-тармағының және басқа да НҚА талаптарының орындалуы болып табылады. |
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ (бұдан әрі - «ӘСЗО» АҚ), басқару қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясымен (бұдан әрі - БҚжАБА) бірлесіп алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың (бұдан әрі - АӘТД) педагог-ұйымдастырушыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді. |
Сіз не үйренесіз: |
Курс аяқталғанда тыңдаушылар: |
1. Оқу пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану бойынша білімдерін көрсетеді. |
2. Білім берудің жаңа парадигмасының талаптарына сәйкес оқыту процесін жобалайды. |
3. Әскери-патриоттық тәрбие сапасын арттыру үшін АӘТД сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын қолданады. |
Курстың мақсаты – пәнді оқытудың инновациялық әдістерін зерделеу және пайдалану бойынша орта білім беру ұйымдарының АӘТД педагог-ұйымдастырушыларының, мұғалімдері мен әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. |
Міндеттері: |
1. Пәнді оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін білуді өзектендіру. |
2. Білім берудің жаңа парадигмасы шеңберінде оқыту мен үйрету жобалау дағдыларын дамыту. |
3. Оқыту сапасын арттыру үшін цифрлық ресурстарды пайдалану дағдыларын жеткізу. |
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының АӘТД педагог-ұйымдастырушыларына, мұғалімдеріне және әдіскерлеріне арналған. |
Курсты жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, тәжірибелі әскери педагог-жаттықтырушылар, атақты әскери зерттеуші ғалымдар жүргізеді. Сондай-ақ, ӘСЗО курстарын өткізу үшін Оқу-ағарту министрлігінің, ҚМ ,ІІМ, ТЖМ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мамандары шақырылады. |
Курстың мақсатты аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының АӘТД педагог-ұйымдастырушылар, мұғалімдер мен әдіскерлер. |
Қорытынды бағалаудан сәтті өткен тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат, сондай-ақ тақырыптары мен сағат көлемі көрсетілген сертификатқа қосымша беріледі. |
Курс өтуге ниет білдірушілерге е-mail: info@cvsi.kz бойынша өтінім жіберу қажет. |
Жүктеу: құжаттар тізімі, өтініш, сауалнама |
Қосымша ақпаратты ӘСЗО және БҚжАБА қызметкерлеріне хабарласуға болады: |
тел.: 8(7172) 64-34-62 (ішкі 113) сот. тел. +7-775-660-45-67, е-mail: bayakhmetov.s@cvsi.kz |
тел.: 8(7172) 25-48-49 сот. тел. +7-702-690-86-95, +7-747-510-43-50 |
Курс мына мекенжай бойынша өтеді: 010000, Астана қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі 2 |
|