| Курс туралы: | |||
| Курс көлемі: 80 сағат | |||
| Оқыту түрі: Оффлайн | |||
| Оқыту тілі: Қазақша, Орысша | |||
| Аяқтау нысаны: Сертификат | |||
| Білім деңгейі: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру | 
| Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №384 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары» бұйрығына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың тізбесіне кіретінін хабарлаймыз. Тізімге сілтеме | 
| Курсты өткізудің негізі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 4-тармағының, ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы әскери даярлық қағидаларының» 11-тармағы 8-тармағының және басқа да НҚА талаптарының орындалуы болып табылады. | 
| «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ (бұдан әрі - «ӘСЗО» АҚ), басқару қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясымен (бұдан әрі - БҚжАБА) бірлесіп алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың (бұдан әрі - АӘТД) педагог-ұйымдастырушыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді. | 
| Сіз не үйренесіз: | 
| Курс аяқталғанда тыңдаушылар: | 
| 1. Оқу пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану бойынша білімдерін көрсетеді. | 
| 2. Білім берудің жаңа парадигмасының талаптарына сәйкес оқыту процесін жобалайды. | 
| 3. Әскери-патриоттық тәрбие сапасын арттыру үшін АӘТД сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын қолданады. | 
| Курстың мақсаты – пәнді оқытудың инновациялық әдістерін зерделеу және пайдалану бойынша орта білім беру ұйымдарының АӘТД педагог-ұйымдастырушыларының, мұғалімдері мен әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. | 
| Міндеттері: | 
| 1. Пәнді оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін білуді өзектендіру. | 
| 2. Білім берудің жаңа парадигмасы шеңберінде оқыту мен үйрету жобалау дағдыларын дамыту. | 
| 3. Оқыту сапасын арттыру үшін цифрлық ресурстарды пайдалану дағдыларын жеткізу. | 
| «Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының АӘТД педагог-ұйымдастырушыларына, мұғалімдеріне және әдіскерлеріне арналған. | 
| Курсты жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, тәжірибелі әскери педагог-жаттықтырушылар, атақты әскери зерттеуші ғалымдар жүргізеді. Сондай-ақ, ӘСЗО курстарын өткізу үшін Оқу-ағарту министрлігінің, ҚМ ,ІІМ, ТЖМ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мамандары шақырылады. | 
| Курстың мақсатты аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының АӘТД педагог-ұйымдастырушылар, мұғалімдер мен әдіскерлер. | 
| Қорытынды бағалаудан сәтті өткен тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат, сондай-ақ тақырыптары мен сағат көлемі көрсетілген сертификатқа қосымша беріледі. | 
| Курс өтуге ниет білдірушілерге е-mail: info@cvsi.kz бойынша өтінім жіберу қажет. | 
| Жүктеу: құжаттар тізімі, өтініш, сауалнама | 
| Қосымша ақпаратты ӘСЗО және БҚжАБА қызметкерлеріне хабарласуға болады: | 
| тел.: 8(7172) 64-34-62 (ішкі 113) сот. тел. +7-775-660-45-67, е-mail: bayakhmetov.s@cvsi.kz | 
| тел.: 8(7172) 25-48-49 сот. тел. +7-702-690-86-95, +7-747-510-43-50 | 
| Курс мына мекенжай бойынша өтеді: 010000, Астана қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі 2 | 
| 
 |