Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2024 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Асиф Гафур бастаған Пәкістан Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясымен таныстыру кездесуі өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап «ӘСЗО» АҚ қызметі туралы қысқаша ақпарат берді. Іс-шараның нәтижесінде тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде аймақтық қауіпсіздік саласында бірлескен іс-шаралар, вебинарлар мен түрлі семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ Пәкістан Ұлттық қорғаныс университетінің және «ӘСЗО» АҚ журналдарында мақалалар мен басқа да материалдарды жариялау туралы келісті.