2024 жылғы 28 маусымда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының құқықтық пәндер кафедрасының доценті Ю.Н.Дрокиннің жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес: құқықтық реттеу және алдын алу мәселелері» тақырыбында сабақтар өтті.
Сабақ барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың жалпы сипаттамасы, оның мемлекеттік аппарат пен азаматтық қоғамның дамуына әсер ету сипаты мен дәрежесі (қазіргі жағдайды талдау).
2. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілеріне шолу.
3. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін заңды жауапкершілікті нормативтік реттеу.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары (сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана).
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша конвенциялық сипаттағы халықаралық құқықтық актілердің жалпы сипаттамасы.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактиканың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.