Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2024 жылғы 22 тамызда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташат өкілдерімен таныстыру кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақстандық тарап «ӘСЗО» АҚ қызметі туралы ақпаратты ұсынды. Іс-шараның нәтижесінде тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстары, мақалалар мен басқа да материалдарды қазақстандық және француздық журналдарда жариялау мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.