2024 жылдың 11-14 қыркүйегі аралығында Қоғамның президенті генерал-майор А.Рыспаев бастаған «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ делегациясы «Ортақ болашақ үшін бейбітшілікті нығайту» атты тақырыпта қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 11-ші Бейжің Сяньшань форумына қатысты.
Форумның мақсаты: қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту, тәсілдерді біріктіру және өзара іс-қимылды кеңейту арқылы аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа жәрдемдесу.
Іс-шара барысында қатысушылар аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы, Еуропадағы және Таяу Шығыстағы жағдай бойынша пікір алмасты.