Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде өткен шараға Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрамы, университет магистранттары мен докторанттары, жоғары әскери және арнайы оқу орындарының оқытушылары мен курсанттары, тарихшылар, ардагерлер мен Рақымжан Қошқарбаевтың туған-туыстары қатысты.

Конференция форматы қатысушыларға сындарлы пікір алмасуға, әскери-патриоттық тәрбиенің өзекті мәселелерін және қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуын талқылауға мүмкіндік берді.

Конференция қарарында еліміздің әскери тарихының қаһармандық беттерін зерттеу және насихаттау ғылыми қауымдастықтың бірінші кезектегі міндеттері екені атап өтілді.