Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz

Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған ғылыми зерттеулер байқауы

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі және әскери-ғылыми әлеуетін дамыту саласындағы зерттеулерді ынталандыру мақсатында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ғылыми зерттеулер конкурсын жариялайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2025 жылғы 10 сәуірден 30 сәуірге дейін. Қорытындылау-2025 жылғы 6 мамырға дейін.

Конкурс номинациялары:

- Әскери өнер саласындағы үздік ғылыми зерттеу сыйлығы;

- Әскери техника және қару-жарақ саласындағы үздік ғылыми зерттеу сыйлығы.

Қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын әскери қызметшілер мен мамандар шақырылады.

Байқау жеңімпаздары лауреаттар дипломдарымен және 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

Қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- белгіленген нысандағы өтінім;

- ғылыми жетістіктерді бағалау жөніндегі мәліметтер;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- растайтын материалдар (жарияланымдар, патенттер, дипломдар және т.б.).

Назар аударыңыз! Өтінімдер тек баспа түрінде қабылданады. «Қызметтік пайдалану үшін» немесе «құпия» деген белгісі бар құжаттар қарауға қабылданбайды.

Конкурсты өткізу ережелерімен ұйымдастыру комитетінің сұрау салуы бойынша танысуға болады.

Email: e.akimbaev@cvsi.kz

Жүктеу