2025 жылғы 23 сәуір Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция
2025 жылғы 23 сәуірде Атырау қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ы Атырау облысының білім басқармасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.
Іс-шараға 250-ден астам қатысушы, оның ішінде орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары, облыстық деңгейдегі АӘТД әдіскерлері, күш құрылымдарының өкілдері қатысты.
Әскери қызметті дәріптеу мақсатында конференцияда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылатын қару-жарақ пен арнайы құралдардың, құрал-саймандардың үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция конференция қонақтары мен қатысушыларының, әсіресе оқытушылар мен оқушы жастардың қызығушылығын тудырды.
Конференция Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімі әскери оркестрінің жарқын өнер көрсетуімен аяқталды, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен патриотизм атмосферасын сыйлады.