2025 жылғы 29 тамызда Атырау қаласында АӘТД аяқтады
2025 жылғы 29 тамызда Атырау қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Х.Досмұхамедов атындағы КЕАҚ «Атырау университеті» әскери кафедрасының базасында Алғашқы әскери және технологиялық даярлықты (АӘТД) ұйымдастырушы-оқытушылар біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.
Оқыту бағдарламасы қатысушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Атыс дайындығына ерекше назар аударылды: тәжірибелік жаттығулар ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» Өңірліқ қолбасшылығы 5546 әскери бөлімінің аумағында өтті, онда қатысушылар алған білімдерін нақты жағдайларда пысықтай алды.
Оқу аяқталғаннан кейін Жеңіс паркінде барлық қатысушыларға курстардың сәтті өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.