18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым комитетінің қолдауымен «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ отандық ғалымдары мен мамандары әзірлеген көпфункционалды барлау-соққы жасайтын модульдік түрдегі ұшқышсыз катердің тактикалық-техникалық мүмкіндіктері көрсетілді. Шараға Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты.