Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2025 жылғы 19-20 қыркүйекте Бейжің қаласында қоғам президенті генерал-майор А.Рыспаев бастаған «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ делегациясы 2025 Халықаралық қос мақсаттағы озық технологиялар мен жабдықтар көрмесіне қатысты.

Ағымдағы жылы көрме «Технологияларды бейбітшілік игілігі үшін қолдану, әлемді технологиялар арқылы қорғау» ұранымен өтті.

Көрмеде ұшқұшсыз жүйелер, электрондық ақпараттық жабдықтар, зияткерлік қауіпсіздік жүйелері, дрондарға қарсы жүйелер, робототехника, сондай-ақ басқа да қос мақсатты технологиялар мен жабдықтар ұсынылды.