«Composites Industry Exhibition (Eurasian Composites Show 2025)» халықаралық көрмесіне қатысу
2025 жылғы 26-28 қараша аралығында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдері композиттік материалдардан бұйымдар жасаудың жаңа технологияларын зерделеу мақсатында Ыстамбұлда (Түркия Республикасы) «Composites Industry Exhibition (Eurasian Composites Show 2025)» халықаралық көрмесіне барды.
Бұл композиттік материалдар көрмесі тез дамып келе жатқан әлемдік композиттік материалдар индустриясының негізгі ойыншыларын біріктіретін стратегиялық алаңға айналды.
Түрік және шетелдік компанияларының өнімдері мен технологияларының әртүрлілігі келушілерге жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашуға және саланың болашағына көз жүгіртуге мүмкіндік береді.