Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


«Жас Сарбаз» РҚБ төрағаларымен оқу-әдістемелік сабақтар

2025 жылғы 4 желтоқсанда «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалдарының төрағаларымен жиын шеңберінде «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамында Бастапқы әскери дайындық сабақтарында «Геотактика» симуляторын пайдалану кезінде практикалық білім алуға бағытталған оқу-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Сабақтарда «Геотактика» симуляторының мүмкіндіктері көрсетіліп, оның оқушыларды практикалық оқытудағы рөлі белгіленді. Сабақтар «Экшн Эйр» динамикалық белсенді ату сабағымен аяқталды.