2026 жылғы 27 қаңтар жұмыс кеңесі
2026 жылғы 27 қаңтарда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да алғашқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері, сондай-ақ «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ басшылығы қатысты.
Кездесу барысында:
АӘД саласындағы заңнамада және заңға тәуелді НҚА-да күшіне енген өзгерістерді іске асыру;
біліктілікті арттыру курстарын өткізудің ұйымдастырушылық моделі;
оқу орталығының рөлі және әскери оқу орындарымен және әскери кафедралармен өзара әрекеттесу;
курстардың сметасын (құнын есептеуді) қалыптастыру тәсілдері;
оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері.
Кеңес қорытындысы бойынша АӘД педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесін іске қосу және тиісті басқару шешімдерін дайындау бойынша одан әрі қадамдар айқындалды.