ҰҰА қолдану мәселелерін талқылауға
2026 жылғы 3 наурызда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен «True Masters» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ «True Masters» ЖШС-мен бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) қолдану саласында іске асырылып жатқан ғылыми жобалардың нәтижелері қаралды.
Осы бағыт шеңберінде жасанды интеллект әдістерін пайдалана отырып, тактикалық буынның шағын көлемді ҰҰА топтық басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.