Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 13 мен 24 сәуір аралығында Алматы қаласында «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ әскери кафедрасының базасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстары өтуде.

Курстардың бағыты: «Көшбасшылық және инновация: әскери кафедрадағы оқу процесін басқарудың заманауи моделі».

Бағдарлама шеңберінде қатысушылар оқу процесін басқарудың заманауи тәсілдерін, көшбасшылық құзыреттілікті дамытуды, сондай-ақ әскери кафедралардың қызметіне инновациялық шешімдерді енгізуді зерделейді.