Қаз Рус Eng
Байланыс
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 5 мамырда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да Корольдік қорғаныс зерттеулері колледжі (RCDS) делегациясының сапары өтті.

Сапар барысында шетелдік өкілдер ұлттық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты талдамалық сүйемелдеуді қоса алғанда, Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ қазіргі заманғы әскери және геосаяси процестер саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты.

Тараптар өткізген жұмыс кездесуі барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, қазіргі заманғы қақтығыстар сипатының трансформациясы, сондай-ақ стратегиялық шешімдер қабылдау жүйесіндегі талдау орталықтарының рөлі талқыланды.

Корольдік қорғаныс зерттеулер колледжі жаһандық стратегия және қауіпсіздік мәселелері бойынша аға офицерлер мен мемлекеттік қызметшілерді даярлауды жүзеге асыратын жетекші білім беру және талдау институттарының бірі болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен зерттеулер, сараптамалық консультациялар жүргізуді және халықаралық ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысуды қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.