2026 жылғы 24 қыркүйекте «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-да 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру (ГҚ) шеңберіндегі ғылыми жоба бойынша уақытша зерттеу тобының отырысы өтті. Отырыс барысында ғылыми жобаның 2026 жылғы III тоқсанға бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалуы бойынша жетекші Д. Тойбазаровтың және уақытша зерттеу тобы мүшелерінің баяндамалары тыңдалды.