Қаз Рус Eng
Contacts
  • 8 (7172) 64-34-62
  • info@cvsi.kz


2026 жылғы 22 мамырда «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ аумақтық қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар мамандарының біліктілігін арттырудың қарқынды курстарын аяқтады.

Курстар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының, ҚР ҚК БМ аумақтық қорғаныс департаментінің, Ұлттық қорғаныс университетінің мамандарымен өткізілді.

Ұлттық және әскери қауіпсіздік, сондай-ақ мемлекеттің аумақтық қорғанысы бойынша теориялық білімдерден басқа, тыңдаушылар атыс дайындығы бойынша практикалық дағдыларға ие болды.